RRO.kz сайтының жеке кабинетінде өз деректеріңізді қалай баптауға болады?

RRO.kz сайтының жеке кабинетінде өз деректеріңізді қалай баптауға болады?

Олимпиаданы бастау үшін алдымен жеке кабинетіңіздегі параметрлерді баптау керек:

1. ПАРАМЕТРЛЕРІ батырмасын басамыз.

2. Параметрлері бетінде ең алдымен өз статусыңызды анықтап алу керек, ол үшін УЧАСТНИК жазуы астындағы тізімнен мұғалім, оқытушы, тәрбиеші немесе 1 сынып оқушысы және т.б. қатегориясын таңдау қажет. Содан кейін беттің соңғы жағында орналасқан ПРОФИЛЬДІ ЖАҢАРТУ батырмасын басыңыз.

2. Қатысушы (Участник) статусын таңдап болғаннан кейін, білім беру орнын таңдау керек:

бірінші тізімде облысты таңдаймыз,

екінші тізімде ауданды немесе қаланы таңдаймыз,

үшінші тізімде  білім беру орнын таңдаймыз.

3. Беттің соңғы жағында ПРОФИЛЬДІ ЖАҢАРТУ батырмасын басыңыз.

4. Беттің жоғарғы бөлігінде “ПРОФИЛЬ ЖАҢАРТЫЛДЫ” деген жазу шығады.

5.  ҚАЙТУ батырмасын басыңыз.

6. Сіздің оқу орныңыз қосылды. Осыдан кейін сіз олимпиададан өте аласыз!

 

ВИДЕОНҰСҚАУЛЫҚ