RRO.KZ ОЛИМПИАДАЛАРЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

RRO.kz сайтының республикалық рейтингтік олимпиадаларына қатысу ережелері

1. Олимпиаданы бастау үшін, алдымен өзіңіздің білім беру мекемеңізді жеке кабинетіңізде таңдап алу қажет;

2. Білім беру мекемесін таңдап болған соң, жеке кабинетіңізде орналасқан ОЛИМПИАДАНЫ БАСТАУ немесе басты беттегі МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН, ОҚУШЫЛАР ҮШІН, ӨЗЕКТІ категорияларының біреуін таңдап олимпиадаға қатыса аласыз;

3. Олимпиаданың күрделілігіне байланысты, олимпиаданы өту үшін 40 минуттан 120 минутқа дейін уақыт беріледі. Олимпиаданы бастаған уақытта жеке кабинетіңіздегі баланстан автоматты түрде көрсетілген сома алынады.

4. Олипиаданың барлық сұрақтары бір бетте орналасады және 20 сұрақтан тұрады.

5. Олимпиада барысында сұраққа жауап берген соң, жауапты өзгерту МҮМКІНДІГІ ЖОҚ!

6. Егер олимпиадаға берілген уақыт аралығында сіз барлық сұрақтарға (20 сұраққа) жауап беріп үлгірмесеңіз, сіздің нәтижеңіз ЕСКЕРІЛМЕЙДІ!

7. Олимпиаданы аяқтау үшін барлық сұрақтарға (20 сұраққа) жауап беру қажет. Егер сіз олимпиада сұрақтарының кейбіреуіне жауап бермей, бетті жауып тастасаңыз, сіздің олимпиадаңыз аяқталмаған деп есептеледі де нәтижеңіз САҚТАЛМАЙДЫ!

8. Бірінші олимпиаданы аяқтамай, екінші басқа олимпиаданы бастау МҮМКІНДІГІ ЖОҚ!

9. Олимпиада сұрақтарынның барлығына (20 сұраққа) көрсетілген уақыт аралығында жауап берген соң, олимпиада автоматты түрде аяқталады және нәтиже бетіне ауысады. Нәтиже бетінде сіздің нәтижеңізге байланысты сертификат немесе сертификат және орны көрсетілген дипломға сілтеме болады.

10. Сонымен қатар, өзіңіздің олимпиададан өткен нәтижеңізді және диплом мен сертификаттарыңызды жеке кабинетіңізде орналасқан МЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІМ, МЕНІҢ ДИПЛОМДАРЫМ МЕН СЕРТИФИКАТТАРЫМ бетінде жүктеп алуға болады.

11. Сіздің нәтижеңіз бен диплом және сертификаттарыңыз жеке кабинетіңізде шектеусіз уақытқа сақталады. Мектеп атауы, аты-жөніңіз ауысқан жағдайда, диплом мен сертификатта да автоматты түрде өзгерістер болады.